Дипломмен ауылға бағдарламасының кей мәселелер қайта қаралса

Фотография - Дипломмен ауылға бағдарламасының кей мәселелер қайта қаралса

«Дипломмен ауылға! Дипломмен ауылға!» деп ұрандата бергенше, әуелі сол ауылға баратындарға арналған бағдарламада ескерілген кей мәселелер қайта қаралса

736 0

«Дипломмен ауылға! Дипломмен ауылға!» деп ұрандата бергенше, әуелі сол ауылға баратындарға арналған бағдарламада ескерілген кей мәселелер қайта қаралса. Бұл – Білім министрлігінің арнайы шақыруымен Астанаға жиналған жастар жасаған ұсыныс.

Ол нендей ұсыныс дерсіз. «Диплом алған жастар ауылға баруға қарсы емес, бағдарлама іске қосылғалы қаншама жас елді-мекендерде қызмет етіп те жатыр. Еліміздің алтын қазығы болған ауылды көркейтуге қай-қайсысымыз да мүдделіміз. Алайда, сол бағдарлама қайта қаралып, тым болмаса ауылда 5 жыл қызмет етуді міндеттейтін тармақ түзетілсе. Біздіңше жас мамандар ауылда 5 жыл емес, ең көп дегенде 3 жыл жұмыс істеп, қалаға қайтарылуы тиіс. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, жоғарғы оқу орнын 22 жасында бітірген маман 5 жылын ауылда өткізіп, қалаға келем дегенше 27 жасқа толады. Қалада тұрақты жұмысқа тұрып, отбасын құрып, баспана кезегіне ілінемін дегенше өмірінің жартысы өтеді екен. Сонда ол маман қай уақытта қор жинап, баспана алады, қай уақытта адам қатарына қосылады. Мұны – бір деңіз. Ауылдан келген мамандар жұмыс таппай сабылатыны баршаңызға белгілі. Кәсіпорындар болсын, жеке кәсіпкерлер болсын барлығы да жұмысқа тек тәжірибесі бар мамандарды ғана қабылдайды. Сонда жұмысқа орналаса алмай жүрген адам тәжірибені қайдан жинайды. Проблемалар қатарына мұны да қосып қойсаңыз болады - деп хабарлады  baq.kz

Жастардың көкейін тескен бұл мәселеге ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев жауап берді: «Негізі студенттер жоғарғы оқу орындарын бітірген соң жұмыс іздеуге кіріседі. Бұл мүлде дұрыс емес. Болашақта жұмыс істейтін жеріңізді университетте оқып жүріп қарастыруыңыз керек. Ол қалай? Жыл сайын жоғарғы оқу орындары студенттерді кәсіпорындарға тәжірибеден өту үшін жіберіп отырады. Сол кәсіпорында өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсетіп, басшылықтың көзіне түсуге тырысыңыз. Сөйтіп сол мекемені келешектегі жұмыс орныңыз ретінде белгілеп кетіңіз. Университетті бітірген соң, жұмыс іздеп әуре болмайсыз сонда».

Университет қабырғасында жүргенімізде мұндай мәселелерді көп ойламаған екенбіз. Ал бүгінгі жастардың өз болашақтарын бүгіннен бастап жоспарлағаны қуантты бізді. Бұл – қазіргі заман жастарының ойы әлдеқайда озық екендігін көрсетіп отыр. Заманына қарай – талабы деген осы болса керек. Жастарды толғандырған тағы бір проблема – Үкімет атарапынан жастарды дамытуға қатысты ашылған бағдарламалар мен жобалар жайлы ақпараттандыру мәселесі. Олардың ойынша, елді мекендерде, аудандарда, тіпті қалаларда оқитын жастар бюджет қаржысына ашылған бағдарламалар туралы мүлде бейхабар. Бұл мәселені де студент жастарға мейлінше кеңінен насихаттау жұмысы қолға алынуы керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!