Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіруге бірқатар жағдайларда шектеулер енгізу ұсынылуда

Фотография - Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіруге бірқатар жағдайларда шектеулер енгізу ұсынылуда

Үкімет басқа баспанасы бар болған жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендіруге жол бермеуді қарастыратын заң жобасын парламентке  енгізеді деп мәлімдеді дүйсенбіде  Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин

299 0

Үкімет басқа баспанасы бар болған жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендіруге жол бермеуді қарастыратын заң жобасын парламентке  енгізеді деп мәлімдеді дүйсенбіде  Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин.


«Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, меншік құқығындағы басқа да елді мекендерде тұрғын үйі бар тұлғалар жұмыс орны бойынша қызметтік тұрғын үйлерін алуға құқығы бар екені белгілі. Сонымен қатар, мұндай азаматтар қызметтік тұрғын үйлерін жекешелендіре алмайды, себебі іс жүзінде олардың жеке тұрғын үйін иеліктен шығару немесе тұрғын үй сатып алу арқылы өзінің баспана мәселесін жақсартуға мүмкіндігі де баршылық. Осыған байланысты осы тұлғалар үшін тұрғын үйлерді жекешелендіруге шектеу енгізілетін болады», деді Нокин парламент мәжілісінде үкіметтің заң жобасының таныстырылымында - деп хабарлады  newskaz.kz


Оның айтуынша, қызметтік тұрғын үйде тұратын тұлғалар жекешелендіруге өтініш бергенге дейінгі соңғы бес жыл ішінде меншік құқығындағы үйлерді иеліктен шығарған жағдайда да тұрғын үйлерді жекешелендіруге шектеу қойылмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!