Грантпен білім алған жастарды жұмысқа орналастыруға мемлекет жауапты болуы тиіс

Фотография - Грантпен білім алған жастарды жұмысқа орналастыруға мемлекет жауапты болуы тиіс

Грантпен білім алған жастарды жұмысқа орналастыруға мемлекет жауапты болуы тиіс. Бұл пікірді бүгін «Нұр Отан» партиясы партиялық сараптама тобының «Жастарды қолдау» бағытында өткізген отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл білдірді

211 0

Грантпен білім алған жастарды жұмысқа орналастыруға мемлекет жауапты болуы тиіс. Бұл пікірді бүгін «Нұр Отан» партиясы партиялық сараптама тобының «Жастарды қолдау» бағытында өткізген отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл білдірді.

А.Смайылдың атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде жоғары білім берудің 2 саласы бар. Оның бірі мемлекеттің гранты бойынша білім беретін жоғары оқу орындары болса, екіншісі - жекеменшік оқу орындары. «Жастарға мамандық беру жоғары оқу орындары үшін, әсіресе, жекеменшік оқу орындарына тиімді бизнеске айналған. Сіздер оған заңгер, экономист дайындама деп айта алмайсыз. Міне жұмыссыз жастарды жыл сайын осы оқу орындары шығаруда. Ал оны қалай тоқтауға болады?», - деді депутат.

Мемлекеттік грант берілген жастарды жұмысқа орналастыруға мемлекет жауапты болуы керектігін де баса айтқан ол: «Бар ма сондай? Жоқ. Мемлекет ақша беріп, 5 жыл оқытты. Содан кейін «жүгенін сыпырып» қоя беру керек пе? Бізге мемлекеттік грантпен оқыған жастар міндетті түрде жұмысқа орналассын деген заң қажет. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң әзірленіп жатыр екен. Сол заңға осындай норма енгізу керек», - деді.

Сонымен қатар депутат мамандар даярлап жатқан жекеменшік оқу орындарының жауапкершілігін күшейту қажеттігін де баса айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!