Ақордада Геральдикалық комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды

Фотография - Ақордада Геральдикалық комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

169 0

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Геральдикалық комиссияның қызметі мен атқарған жұмыстары туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов есеп берді.

Комиссия мүшелері Геральдикалық комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Жұмыс қорытындысында ведомстволық наградалар жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге, ведомстволық наградалармен марапаттау тәжірибесін жинақтауға, мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруге, комиссияның хаттамалық шешімдерін орындау сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!