ҚР ТЖМ базарлардың «қара тізімін» жариялайды

Фотография - ҚР ТЖМ базарлардың «қара тізімін» жариялайды

ҚР ТЖМ базарлардың «қара тізімін» жариялайды. Бұл туралы бүгiн Астанада өткен ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлiмдедi

202 0

ҚР ТЖМ базарлардың «қара тізімін» жариялайды. Бұл туралы бүгiн Астанада өткен ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлiмдедi.

«Министрлік ҚР ТЖМ сайтына өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып жұмыс істеп жатқан әрі үстінен сотқа арыз түскен базарлардың «қара тізімін» жария етпекші. Бұның бәрі – кәсіпкерлер мен азаматтардың аталмыш тізіммен таныса алуына жағдай жасау үшін қолға алынып отырған шара», - деді В.Беккер.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың қазанында Алматының Солтүстік айналма жолы бойында орналасқан 26 базарға тексеру жүргізілген. Тексеру барысында өрт қауіпсіздігіне қатысты 320 заңбұзушылық анықталып, 25 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сотқа базарлардың жұмысын тоқтату жөнінде 24 талап-арыз түсті. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 20 талап-арызды қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енбегендіктен, аталған базарлар әлі жұмыстарын жалғастырып жатыр - деп хабарлады bnews.kz

Жыл басынан бері сауда нысандарында 30 өрт шығу оқиғасы тіркелген. Талдау қорытындысына сәйкес, ҚР ТЖМ аталған аймақтарда өрт қауіпсіздігі жағдайын қалыпқа келтіру үшін бірқатар шараны қолға алды. Осы санаттағы 530 нысанға тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 513 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 121 талап-арыз сотқа жіберілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!