Қазақстанның 56 мемлекеттік органы әкімшілік жаза енгізу құқығына ие

Фотография - Қазақстанның 56 мемлекеттік органы әкімшілік жаза енгізу құқығына ие

Бұл туралы бүгін Астанада жаңа редакциядағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің таныстырлымы барысында Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рақмет Мұқашев мәлім етті.

170 0

Қазақстанның әкімшілік жаза енгізуге құқылы мемлекеттік органдар саны 56-ға жетіп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада жаңа редакциядағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің таныстырлымы барысында Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рақмет Мұқашев мәлім етті.

Комитет төрағасының айтуынша, әкімшілік заңнаманы реформалау негізінен осы бағыттағы нормативтік заңнамаларды жетілдіруге байланысты болып табылады. Тоқтала кететін жайт, қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 2001 жылы қабылданған болатын. Заман ағымына сай осы заңнаманың басым бөлігі өзгертулерді қажет ететіні айқын. «Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің қабылданғанына 12 жыл өтті. Ал осы 2001 жылдан бері қарай кодекске шамамен 600-ге тарта өзгерістер мен толықтырулар енгізілген»», - дейді Р. Мұқашев. Оның айтуынша, бүгінгі күні әкімшілік жаза шарасын қолдана алатын субъектілер саны 56 мемлекеттік органға дейін жеткен. Сондықтан да, комитет басшысы осы бағыттағы заңнаманы реттеудің қажеттігін алға тартады.

«Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексті әзірлеудің өзі мемлекеттің азамат пен мемлекеттік органдар және олардың жауапты тұлғалары арасындағы проблемаларды реттеуге мән беріп отырғанын көрсетеді. Бұдан бөлек, жалпы алғанда жаңа кодекс тұтастай қоғамның адам құқықтарын қорғау тетіктерін жақсарту тетігіне ұмтылысын білдіреді», - дейді ол.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!