Әуежайларды басқару бойынша компания құруды жетелдету қажет

Фотография - Әуежайларды басқару бойынша компания құруды жетелдету қажет

Әуежайларды басқару бойынша компания құруды жетелдету қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты

231 0

Әуежайларды басқару бойынша компания құруды жетелдету қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

«Өздеріңіз білетіндей бізде Қазақстанның дамуы бойынша іс-шараларының жаңа Жібек жолы кешенді жоспары қабылданды. Көлік және коммуникация министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына оны сапалы жүзеге асыруды жалғастыруды тапсырамын. Жергілікті атқарушы органдармен әуежайларды басқару бойынша компания құруды жетелдету және біздің ірі автомобиль әрі темір жол дәліздеріміздің дер уақытында жүзеге асырылуына қатаң бақылау қамтамасыз ету қажет», - деді С.Ахметов.

Үкімет басшысы осы орайда аталған жобалар қатарында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Солтүстік-Оңтүстік», «Солтүстік-Шығыс», «Солтүстік-Батыс» дәліздерін, темір жол саласындағы «Бейнеу-Жезқазған», «Арқалық-Шұбаркөл» жолдарын атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!