Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тағайындалды

Фотография - Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тағайындалды

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып Қайрат Әбдірахманов тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бүгін жарияланды

718 0

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып Қайрат Әбдірахманов тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бүгін жарияланды.

Осы жарлыққа сәйкес, Қайрат Әбдірахманов бұған дейін істеген Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметтерінен босатылған.

Бұған дейін Қазақстанынң БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін атқарған Бірғаным Әйтімова президент Назарбаевтың жарлығымен биыл тамызда Қазақстан парламенті сенатының депутаты болып тағайындалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!