Тұңғыш Президент күніне орай Оралда дөңгелек үстел отырысы өткізілді

Фотография - Тұңғыш Президент күніне орай Оралда дөңгелек үстел отырысы өткізілді

ҚР тұңғыш Президенті күніне орай БҚО төтенше жағдайлар департаментінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді

282 0

ҚР тұңғыш Президенті күніне орай БҚО төтенше жағдайлар департаментінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Оған Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы, қоғамдық бірлестіктер мүшелері де қатысып, аталмыш мерекенің мән-маңызы, Елбасының көшбасшылық орны, әлемдік қауымдастықтағы беделі жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Департамент басшысы Қадыр Бисембаевтың атап өткеніндей, Қазақстанның тұңғыш Президенті еліміздегі халық бірлігінің кепілі болып табылады. «Елбасының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертті. Осының бәрі - Елбасының еңбегі», - деді ол.

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов Елбасы саясаты нәтижесінде Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан Президент күнін мемлекет басшысының қызметін бүкіл ел болып мойындау деп білу керек.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның табыстарын Елбасы есімімен байланыстыратыны туралы ортақ тоқтамға келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!