Назарбаев Орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай деректі фильмдердің апталығы басталды

Фотография - Назарбаев Орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай деректі фильмдердің апталығы басталды

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Назарбаев Орталығында «Тұңғыш-Первый» атты деректі фильмдердің апталығы салтанатты жағдайда ашылды. Бұл туралы Назарбаев Орталығының баспасөз қызметінен хабарланды

193 0

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Назарбаев Орталығында «Тұңғыш-Первый» атты деректі фильмдердің апталығы салтанатты жағдайда ашылды. Бұл туралы Назарбаев Орталығының баспасөз қызметінен хабарланды.

Апталықты Президент Кеңсесінің басшысы, Назарбаев Орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы М. Қасымбеков ашты.

«1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің тағдырын Тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсырды. Уақыт таңдаудың дұрыс жасалғанын көрсетті. Қысқа мерзім ішінде біздің ел дамудың дара даңғылына түсті. Ұлт Көшбасшысы айқындаған қазақстандық жол елімізді табысқа жетеледі. Елдің ертеңі - жастар. Мұны Елбасы үнемі атап көрсетіп отырады. Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2050» бағдарламасын білімді және тәрбиелі жастардың жүзеге асыратындығына сенеді. Өздеріңіз байқап отырғандай, осы шараға біз озат оқуымен және үлгілі тәртібімен көзге көрініп жүрген білімді жастарды жинап отырмыз. Мұндағы мақсат - Сіздерге Президенттің ұлт көшбасшысы, азамат және адам ретіндегі көпқырлы тұлғасын жан-жақты таныту», - деді лауазым иесі.

Апталықтың ашылуында көрермендердің назарына «Ел анасы» және «Үзеңгілестер» атты деректі фильмдер ұсынылды.

Кино апталығының әр күні тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңін және мемлекеттің дамуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан ерен еңбегін дерекпен дәйектеуге арналады.

Жұртшылықтың назарына күн сайын сағат 14.00 мен 17.00-де 2 деректі фильм ұсынылады. Көрермендердің басым бөлігін жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері және мектеп оқушылары құрайды.

Іс барысында озат оқуымен және үлгілі тәртібімен көзге көрініп жүрген білім алушыларға құрмет көрсетілді. Ұйымдастырушылар жастарға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тілегі жазылып, қолтаңбасы қойылған кітаптарды тарту етті.

Апталыққа күн сайын Президенттің үзеңгілестері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, спортшылар, сонымен қатар деректі фильмдердің авторлары қатысады. Әр көрсетілімнен кейін деректі фильмдер жеке-жеке талданып, сұрақ-жауап түріндегі пікір алмасуға кезек беріледі.

Апталық аясында Мемлекет басшысының өмірі мен қызметін жан-жақты ашып көрсететін 8 деректі фильм көрсетіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!