Әскерден жалтарып жүрген азаматтар тізімі газеттерде жарияланбақ

Фотография - Әскерден жалтарып жүрген азаматтар тізімі газеттерде жарияланбақ

Қызылорда өңірінде мыңнан астам жасөспірім отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр.

231 0

Қызылорда өңірінде мыңнан астам жасөспірім отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр.

Көктемгі шақыру кезеңінде 872 бозбала әскерге аттанды. Ал күзгі науқанда 4,5 мың азамат шақырту қағазын алған. Алайда тепсе темір үзетін мыңнан аса жас жігіт абыройлы міндеттен жалтарып жүр, деп хабарлады 24.kz.

Мәселен, Жалағаш ауданында әскерге шақырылған 486 адамның 281-і, ал Қармақшыда 222 азамат іздестірілуде. Арал мен Қазалы аудандарындағы жағдай да осындай. Мәселені шешу үшін қажетті шаралар қолға алынуда.

«Жылдан-жылға әскери қызметтен жалтарушылардың саны азаймауда. Азаматтардың патриоттық рухын көтеру, конституциялық борышын өтеуге өздері келуі үшін жергілікті басылымда жалтарып жүрген азаматтардың тізімін жарияламақпыз. Тізімдер нақтыланып, жергілікті аудандық және облыстық газеттерге ұсынылуда», - деді Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлім басшысы Мұрат Айдаров.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!