Әблязовтен 400 млн. доллар өндірілетін болды

Фотография - Әблязовтен 400 млн. доллар өндірілетін болды

Англияның Жоғарғы соты БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтен банкке келтірген залалдары үшін 400 млн. доллар өндіріп алу туралы өтінішін қанағаттандыруға қаулы шығарды.

255 0

Англияның Жоғарғы соты БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтен банкке келтірген залалдары үшін 400 млн. доллар өндіріп алу туралы өтінішін қанағаттандыруға қаулы шығарды.

«Әблязов бірнеше алаяқтық келісімдер жасап, банктің 300 млн. доллар қаржысын Британияның Виргин аралдарындағы жалған компанияларға аударған. Ол инвестицияларды заңсыз иеленгені үшін жауап береді, бұған қоса, Әблязов келісім-шарттардың негізсіз болмауы үшін жалған құжаттар әзірлегені де белгілі болды», - делінген сот шешімінде.

Англия соты Мұхтар Әблязовтің қорғаушысының дәлелдерін қабылдамай, сот процесін БТА банктің пайдасына шешті. Сөйтіп, қашқын банкирді келтірген залалдарының орнын толтыруды міндеттеді.

Естеріңізде болса, Мұхтар Әблязов 2013 жылдың 31 шілдесінде Францияның оңтүстігінде ұсталған болатын. Оған Қазақстандағы БТА банктің 6 миллиард доллардан астам қаржысын ұрлады және бірқатар қаржылық алаяқтықтар ұйымдастырды деген айып тағылды. Отанына оралып жатса, оның мүліктері тәркіленіп, 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қазіргі кезде Экс-ан-Прованстың апелляциялық соты оны экстрадициялау туралы мәселені қарастырып жатыр. Банкирді Қазақстан, Ресей және Украина мемлекеттері сұрап отыр. Украина Франция сотына Әблязовті алу үшін қажетті барлық құжаттарды жіберді. Экс-банкирді Украинаға экстрадициялау туралы сауалды қарау 5 желтоқсанға шегерілді. Бұған себеп – украин тарапы мұның алдында барлық құжаттарды француз және украин тілдерінде жіберген, ал Әблязов бұл тілдерді түсінбейтін болып шықты.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!