Назарбаев Университетінде сыбайлас жемқорлық белгілері жоқ

Фотография - Назарбаев Университетінде сыбайлас жемқорлық белгілері жоқ

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.

316 0

Назарбаев Университетінде сыбайлас жемқорлық белгілері жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.

Аталған университет білім іздегендердің барлығына ашық екеніне, оқу орнына өзінің еңбегі мен академиялық саладағы жетістіктері негізінде студенттер мен оқытушылар іріктелініп алынып жатқандығына тоқталған ол, «бұл университетте жемқорлық белгілері жоқ және бұны өте маңызды деп білеміз»,-деді.

Атап айтқанда, бүгінде Назарбаев Университетінде жеті мектеп ашылды, оның әрқайсысының халықаралық серіктестері бар. Осы университетте 250 шетелдік оқытушы жұмыс істеуде және 1 200 студент білім алып жатыр. Профессорлық-оқытушылық құрамның 85 пайызы PhD бойынша шетелдік дипломның иегерлері. 2013-2014 оқу жылына 536 студент қабылданды.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!