Биыл Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру жасы 70,3 жылды құрайды

Фотография - Биыл Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру жасы 70,3 жылды құрайды

2012 жылы бұл көрсеткіш 69,6 жылды құраған екен.

165 0

Болжам бойынша 2013 жылдың нәтижесінде Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру жасы 70,3 жылды құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.

2012 жылы бұл көрсеткіш 69,6 жылды құраған екен.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде өмір сүру ұзақтығының көрсетші тұрғысында кеңестік кезеңдегі деңгейден асып түсті. «Бізде өмір сүрудің ең жоғары орташа ұзақтығы 1974 жылы 68,3 жыл болған еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өмір сүру ұзақтығының 63 жасқа дейін төмендеуі байқалды. Яғни, соңғы жылдары біз оның қалпына келтіріп қана қоймай, тарихи жоғары көрсеткіштен асып түстік», - деді Е. Орынбаев.

Оның пайымынша, бұл көрсеткіш елдегі өмір сүрудің әлеуметтік сапасын көрсетуде, алайда бұл бағытта атқаратын жұмыстар баршылық.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!