2023 жылы жастарға жұмыс табуда қиындықтар туындауы мүмкін

Фотография - 2023 жылы жастарға жұмыс табуда қиындықтар туындауы мүмкін

Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаевтың пайымынша, 2005 жылдағы балалар туу көрсеткіші жоғары кезеңде өмірге келгендер 2023 жылға қарай жұмыс іздеп, қиналуы мүмкін.

323 0

Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаевтың пайымынша, 2005 жылдағы балалар туу көрсеткіші жоғары кезеңде өмірге келгендер 2023 жылға қарай жұмыс іздеп, қиналуы мүмкін.

Е. Орынбаев бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Вице-премьердің сөзіне қарағанда, 2005 жылы басталған бала туу көрсеткішінің жоғары деңгейі осы күнге дейін жалғасып келеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша бұл қарқын 2016 жылға дейін созылады. Мәселен, 2004 жылы 270 мың сәби дүние есігін ашса, 2005 жылы - 279 мың, 2006 жылы - 302 мың, 2007 жылы - 322 мың, сондай-ақ 2011 жылы 372 мың нәресте өмірге келді. Атап айтқанда, биылғы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша да туудың осындай көрсеткіші сақталуда.

«1993-2004 жылдардағы туу көрсеткішінің құлдырауы есебінен бізде еңбек нарығы әзірге біршама қолайлы деңгейде. Алайда 2005 жылдардан бастап туу көрсеткіші артқан кезде өмірге келген балалар 2023 жылы еңбек нарығында проблемалар тудыруы мүмкін»,-деді Е. Орынбаев.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!