Пойыз билетінің құны қымбаттауы мүмкін

Фотография - Пойыз билетінің құны қымбаттауы мүмкін

 Қазақстанда жақын арада пойыз билеттері қымбаттауы мүмкін. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне билеттің құнын арттыру туралы өтінім жіберді

195 0

Қазақстанда жақын арада пойыз билеттері қымбаттауы мүмкін. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне билеттің құнын арттыру туралы өтінім жіберді.

Теміржолшылардың айтуынша, вагондарды жөндеу, төсек орындарын жуу және сапалы көмір сатып алу үшін билетті қымбаттатуға тура келіп отырған көрінеді. Бұған қоса, жолсеріктердің жалақыларын арттыруды да жоспарлап отыр екен. Қазіргі кезде жолсеріктердің ең жоғарғы жалақысы 80 мың теңгеден аспайды - деп хабарлады  baq.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ көрші Ресейдің тәжірибесіне жүгініп отыр. Қазақстанмен салыстырмалы түрде Ресейде пойыз билетінің құны екі есе қымбат. Егер де монополистердің талабы заңды деп шешілсе, билет құны бірден 12 пайызға қымбаттайды. Яғни, «Тальго» пойызының билеті шамамен 1000 теңгеге, ал қарапайым пойыздың билеті 500 теңгеге қымбаттайды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!