Желтоқсанда қыс қаһарына мінеді деген болжам бар

Фотография - Желтоқсанда қыс қаһарына мінеді деген болжам бар

Қарашада қар жаумағанмен желтоқсанда аяз қысады. «Қазгидрометтің» мамандары осындай болжам жасап отыр.

149 0

Қарашада қар жаумағанмен желтоқсанда аяз қысады. «Қазгидрометтің» мамандары осындай болжам жасап отыр.

«Қазгидромет» орталығының ұзақ мерзімді болжамдар бөлімінің дерегіне сүйенсек, алдағы айдағы орташа температура -11-18 градусқа нөлден төмен болмақ.

Желтоқсанның басында күн күрт суытпаса да ортасына қарай саршұнақ аяз қысады. Ол кезде ауа температурасы түнде минус 22-27, кей аудандарда тіпті минус 37 градусқа дейін төмендейді деген жорамал бар. Ара-тұра бұрқасындатып алады.

Одан соң әдеттегідей аяздың беті қайтады. Бірақ бұл жаймашуақ кезең ұзаққа созылмайды, айдың соңын ала бере табиғат ана тіршілік иелерін аязбен тағы бір «ұшықтап» алады. Синоптиктердің болжамынша, бұл аралықта ауа температурасы түнде минус 23-28, кей жерлерде минус 39 градусқа дейін құлайды. Ал желтоқсанның ең соңғы күнінде, яғни, дәл Жаңа жылды қарсы алатын кезде аяздың беті қайтып, жылынуы мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Қардың жаууы мамандар болжамына сәйкес, желтоқсан бойы жалғаспақ. Сөйте тұра қардың қалыңдығы жылдық мөлшерден аспайды.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!