Қазақстанда көлік құралдарын тіркеуден шығару рәсімі жеңілдетілді

Фотография - Қазақстанда көлік құралдарын тіркеуден шығару рәсімі жеңілдетілді

Көлік құралының иелері ҚРТК және/немесе нөмірлік белгісі болмаған жағдайда орналасқан жері белгісіз автокөлікті есептен шығару мүмкіндігіне ие болды

462 0

«Көлік құралдарының жекелеген түрлерін сәйкестендіру нөмірі бойынша тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №851 қаулысымен ІІМ көлік құралын тіркеу туралы куәлігі (ҚРТК) және мемлекеттік нөмірлік белгілері жоқ автокөлікті тіркеуден шығаруға қатысты өзгерістер енгізілді.

«Соңғы уақытта «сенімхат бойынша» автокөліктерін сатқан азаматтарға кейбір айыппұл түрлерін төлеуге қатысты түбіртектер келіп, олар бізге көліктерін есептен шығару туралы өтініштермен жүгінген болатын. Азаматтардың қолында тиісті құжаттарының жоқ болуына байланысты көмек бере алмадық», - дейді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Бахытжан Балташев.

Ал қазіргі кезде көлік құралының иелері ҚРТК және/немесе нөмірлік белгісі болмаған жағдайда орналасқан жері белгісіз автокөлікті есептен шығару мүмкіндігіне ие болды. Мұндай жағдайда арнайы орындар көлік құралының соңғы үш жыл ішінде пайдаланбағанын растайтын сұрау салып, оның қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігінің тіркеу бөлімдері көлік құралын есептен шығара алады, деп хабарлады ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметінен.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!