Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында спорт кешені ашылды

Фотография - Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында спорт кешені ашылды

Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында спорт кешені ашылды

253 0

Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында спорт кешені ашылды.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлауға орайластырылған Сарысу ауданындағы бірнеше әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты.

Жалпы құны 225,9 млн. теңге болатын 350 адамға шақталған спорт кешені Жаңатас қаласында салынған. Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың тамызында басталыпты. Бас мердігер - «РемЭнерго» ЖШС.

Спорт кешенінің төрт залы бар. Онда шағын футбол, баскетбол, волейбол, грек-рим күресі және басқа спорт түрлері бойынша жаттығуға болады. Мұнда 49 қызметкер жұмыс істейді. Олардың жалақысы орташа есеппен 40 мың теңгеден асады.

Сонымен бірге, облыс әкімі Жаңатас тұрғындарына пәтер кілттерін тапсырды. Қайта жаңартылған бес қабатты үйде 120 пәтер бар. Тұрғын үйдің жалпы аумағы 2717 шаршы метр. Қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жылдың маусымында басталған, жалпы сомасы - 279,7 млн. теңге. Мердігер компания - «AKM GROUP» ЖШС. Пәтерлер үй алу кезегінде тұрған азаматтарға берілді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Сонымен бірге, өңір басшысы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратында болды. Партияның 34 бастауыш ұйымында 4627 мүшесі бар. Жаңа ғимарат демеушілік қаржысының есебіне қайта жөндеуден өткен, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!