Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен Ауғанстанды қалпына келтіру мәселелерін талқылады

Фотография - Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен Ауғанстанды қалпына келтіру мәселелерін талқылады

Қазақстан президенті   Нұрсұлтан Назарбаев  пен БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының басшысы Ян Кубиш Астанада кездесуде  Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру мәселесін талқылады

169 0

Қазақстан президенті   Нұрсұлтан Назарбаев  пен БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының басшысы Ян Кубиш Астанада кездесуде  Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.


«Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тетіктері, сондай-ақ Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру мәселесі қаралды»,-делінген хабарламада.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы елдің дамуына, соның ішінде ауған студенттерін оқытуға бағытталған түрлі жобаларды іске асыру арқылы Ауғанстанға Қазақстанның көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін атап өтті - деп хабарлады newskaz.kz


«Я.Кубиш Нұрсұлтан Назарбаевты келесі жылғы сәуірде өтуге тиіс президенттік сайлауға Ауғанстанның дайындығы барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ БҰҰ-ның елдегі ахуалды тұрақтандыру бағытында күш-жігер жұмсап отырғаны туралы да айтты»,- делінген баспасөз хабарламасында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!