Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық конференция өтуде

Фотография - Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық конференция өтуде

Бүгін елордада Тұңғыш Президент күніне арналған Халықаралық Бейбітшілік пен келісім конференциясы өз жұмысын бастады. Аталған шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтуде

215 0

Бүгін елордада Тұңғыш Президент күніне арналған Халықаралық Бейбітшілік пен келісім конференциясы өз жұмысын бастады. Аталған шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтуде.

«Біз биыл Тәуелсіздігіміздің 22 жылдық мерекесін тойлаймыз. Бұл біз үшін ғасырға бергісіз, әр айы жылға татитын, жарқын да шешуші кезеңдерге толы тұтас бір дәуірді құрайтын кезең. Себебі Қазақстан Тәуелсіздігі бабаларымыздың ұлы күрестері арқылы шыңдалған, рухы арқылы қол жетіп орындалған мақсат. Тәуелсіздік арқасында халықты бір тудың астына жинап, біртұтас ел қылуды мұрат еткен қазақ арыстарының ұлы армандары орындалды. Жалпы кез келген халық өз елінің бейбіт өмірін, қарыштап дамуын тілейді. Ал елдің өсіп-өркендеуі, кемел мемлекет пен ізгі қоғам құру талпынысы ең алдымен елдің басшысымен тікелей байланысты. Осы міндеттерді мойнына алған, қазақ рухани болмысының бай мұрасын бойына сіңірген ұлттың ұлы - Елбасы Қазақстан халқының маңдайындағы бағы, ырыс берекесі», - дейді жиынның жалпы отырысын ашып сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжан.

Конференция негізінен бес секция шеңберінде жіктеліп, онда этносаясаттың өзекті мәселелері, Елбасы Н. Назарбаев саясатының нәтижесіндегі этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің бірегей ерекшеліктері талқылануда. Шара аясында ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім жөніндегі республикалық жастар форумы өтетіндігі жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, конференция жұмысы «Елім менің» патриоттық әндер сайысына қатысушылардың Гала-концертімен ұласады, сондай-ақ «Қазақстан - достық бесігі» республикалық фото конкурсының қорытындысы шығарылатын болады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Халықаралық конференцияға мемлекеттік органдар өкілдері, шетелдік сарапшылар, Парламент депутаттары, мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!