Орта табысты халық үшін ипотекадан гөрі ТҚЖ жүйесі тиімдірек

Фотография - Орта табысты халық үшін ипотекадан гөрі ТҚЖ жүйесі тиімдірек

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

187 0

Орта табысты азаматтар үшін баспана алудың тиімді әдісі – тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесіне қатысу. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

«Банктердің ипотека беруді уақытша тоқтатқаны жаман құбылыс екені белгілі. Баспананың айтарлықтай қымбат екені белгілі. Ипотекалық несиелендіру халыққа ұзақмерзімді тұрғын үй сатып алу мәселесін шешуге қолғабыс болды. Экономикалық саясат кеңесінде бұл мәселе талқыланған болатын. Қазіргі уақытта ипотеканы Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы қайта қосу қарастырылып жатыр», - деді Жәмішев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ипотекалық несиелендіруді дамыту үшін іс жүзінде кепілзат болатын мүлік мәселесін шешу қажет.

«Қазіргі уақытта банктер кепілге салынған мүлікті алу мәселесіне тап болып отыр. Іс жүзінде мұндай қиындық туындамауы тиіс. Егер де адам келісімге қол қойса, ол міндетті түрде ақшаны қайтаруы тиіс немесе баспананы қайтаруы қажет. Сот шешімі арқылы немесе басқа себептермен кепілге салынған мүлікті ала алмау мәселе туындағанда несиелендіру қиынға соғатыны түсінікті. Егер де қарыз алушы не ақшаны қайтармаса, не құнын толғымен төлемеген баспананы сот арқылы қайтармайтын болса, ипотекалық несиелендіруді қалай жүргізуге болады? Меніңше, бұл мәселе өзінің нақты шешімін табуы тиіс»,- деп түсіндіріп өтті ол.

Ипотекалық несие беру ісін қайта іске қосу айтарлықтай уақытты талап етеді. Ол үшін министр жоғарыда көрсетілген мәселелер шешімін табуы қажет екендігін тағы бір ескертті.

«Бұл – бір күн ішінде шешімін таба қоятын сауал емес. Ипотекалық компания жұмысы жаңартылмаса, банктер екі жағдайға тап болады: кепілге салынған мүлікті алу мен ұзақ мерзімге берілетін қаржы. Қазақстан ипотекалық компаниясы ұзақ мерзімге берілетін қаржы мәселесін шеше алады», - деп атап өтті Жәмішев.

Өңірлік даму министрі ипотеканың бүкіл әлемде қымбат ресурс болып есептелетінін тілге тиек етті. Ол тұрақсыз және табысы аз азаматтарға арналмаған деп есептейді министр.

«Белсенді түрде қолға алынған екінші құрал – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қаржыны жинақтау. Халық оған басымдық танытуы тиіс. Ондағы төмен мөлшерлемелердің болуын үкімет субсидиялап отырған жоқ. Азаматтар онда өз қаржысын жинақтап, оған депозит бойынша төмен пайыздар төленеді. Ол жеткілікті көлемде қаржы жинақтағаннан кейін сол сумманы төмен пайыздық мөлшерлемемен несиеге алады. Егер де ол қажетті соманың жартысын жинақтап үлгерсе, екінші бөлігін төлеу айтарлықтай жеңіл болады. Мұндай қарыз алушымен банкте қиындықтар туындамайды. Оның үстіне, ТҚЖБ жергілікті атқарушы органдар қатысатын бағдарламаларға қатысады. Олар инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген тұрғын үйлер салынатын жерлерді бөледі, ал банктен қарыз алушылардан сол аумақта пәтер сатып алуға ниет білдіргендер тізімі құрылыды. Орташа мөлшердегі табысқа ие халық үшін тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесіне қатысу – ең ұтымды әдіс. Ипотека бүкіл әлем бойынша қымбат құрал болып есептеледі», - деп тоқталды Жәмішев.

Баспананың қымбат актив екендігін алға тартқан Өңірлік даму министрі баспананы сатып алу үшін азамттың ниетімен қатар жеткілікті сомада ақшасы болуы тиіс екендігін айтты.

«Біз оны қалай да арзандатуға тырысқанымызбен, ол қымбат болып қала бермек. Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі бойынша баспана өзіндік құнына саудаланады. Бағаны одан төмен түсіре алмаймыз. Сонынмен қатар, жергілікті органдар қаржысы есебінен Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы жалдамалы тұрғын үй жүйесі бар», - деп түйіндеді министр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!