Елбасы: Баспананың бағасы неге аспандап кеткен

Фотография - Елбасы: Баспананың бағасы неге аспандап кеткен

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы баспананың бағасы аспандап тұрғанын айта келе, бұл мәселені жедел түрде шешуді құзырлы мекемелерге тапсырды

236 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы баспананың бағасы аспандап тұрғанын айта келе, бұл мәселені жедел түрде шешуді құзырлы мекемелерге тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Астананы алдағы уақытта дамыту мәселелеріне арналған отырыста Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тапсырылған есептегі үйдің құнына жасалған талдауды қатты сынға алды.

«Мына есепке қарап отырсам, пәтерлердің бағалары өз құнынан 2-3 есе қымбат көрсетілген. Мысалы, «Еуропа Палас» тұрғын үй кешенінде пәтердің бір шаршы метрі 3,5 мың доллардан сатылып жатыр. «Хайвилл» тұрғын үйінде 1,5 мың доллар болуы керек, ал мұнда 4-5 мың доллар деп көрсетіліпті. Париж кварталында 1,3 мың доллар болуы керек, халық 5 мың доллардан сатып алады екен. Тұрғын үйдің бағасы неге аспандап кеткен. Пәтерді қымбатқа сатқанына қарамай, «Еуропа Палас» ТК құрылыс компаниясы төлеген салық бар болғаны 1,6 миллион екен. Мұны қалай түсінуге болады?», - дейді Мемлекет басшысы.

«Президенттің айтуынша, бұл мәселені кешенді түрде шешу керек. бұл салада цемент шығаратын кәсіпорындар өзара келісіп алып, бағаны әдейі қымбаттатып отыр. Бәсекелестікті қорғау агенттігі осыны реттемей, қайда қарап отыр? Табыс табыңдар, оған таласым жоқ, алайда мұншалықты ынсапсыздықпен халықтың қанын сүліктей соруға бол ма екен? Мониторинг жүргізіп отырған бірде-бір мекеме жоқ. Бұл мәселе тек Астанада ғана емес, сонымен қатар, басқа да өңірлерде өршіп тұр. Тиісті мемлекеттік органдар бұл мәселені жеделдетіп шешуді қолға алсын», - дейді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Астананы алғаш салған жылдары сапасыз құрылыс материалдары пайдаланылғанын да тілге тиек етті. Осыған байланысты, президент астананың эстетикалық безендірілуіне көңіл бөлуді тапсырды.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!