«Болашақ» бағдарламасы ел дамуында зор рөл ойнады

Фотография - «Болашақ» бағдарламасы ел дамуында зор рөл ойнады

«Болашақ» бағдарламасы ел дамуында зор рөл ойнады. Бұл туралы бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты

170 0

«Болашақ» бағдарламасы ел дамуында зор рөл ойнады. Бұл туралы бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Болашақ» бағдарламасы ел дамуында зор рөл ойнады. Ең алдымен, бұл экономика, білім, ғылым, денсаулық сақтау, ұлттық мәдениет, өнер үшін жаңа кадрлар. Әрбір түлектің екіншісі бүгінде қазақстандық жеке және мемлекеттік компанияларда жұмыс істеуде. Олардың 19 пайызы ұлттық компаниялардың менеджері, шамамен 4 пайызы халықаралық ұйымдар мен Үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейді. Толықтай алғанда түлектердің төрттен үші ел экономикасының шынайы секторында қызмет етуде. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда «болашақтықтардың» төрттен бірі жұмыс істейді. Оның ішінде, мемлекеттік басқару жүйесінде 19 пайызы қызмет етеді. Қазіргі таңда «Болашақ» бойынша шамамен 2 мың инженер-техникалық маман дайындалды. Олар біздер үшін бүгінде өте маңызды. Бұлар инновациялық технологиялар, металлургия, коммуникация салаларының мамандары», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстанның минералды ресурстар мұнай, газ, металға тәуелділігін арылту үшін мүлде жаңа кәсіпорындар қажет. Ал ол кәсіпорындарға мамандар керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!