Қазақстанға миллион тұрғыны бар тағы бірнеше қала қажет

Фотография - Қазақстанға миллион тұрғыны бар тағы бірнеше қала қажет

Қазақстанға миллион тұрғыны бар бірнеше қала қажет. Бұл туралы бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты

205 0

Қазақстанға миллион тұрғыны бар бірнеше қала қажет. Бұл туралы бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы өз сөзінде елдің әрбір өңірі «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға өз үлесін қосуы тиістігін баса айтты. «Біз Астананы, жаңа елордамызды салдық. Қазақтар өз тарихында алғаш рет өз астанасын қай жерде салу керектігін белгілеп, бой түзетті. Астанаға қарап, қалған барлық облыс орталығы даму үстінде», - деді Н.Назарбаев.

Осы орайда Қазақстанға ғылымды дамыту үшін ірі агломерация қажеттігін баса айтқан ҚР Президенті: «Алматының халқы 1,5 миллионға жақындап қалды. Астанада да миллионға тақау бар. Біздерге тағы да бірнеше қала керек. Менің ойымша, миллион тұрғын тұратын қалалар қатарында Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және басқа да қалалар бола алады», - деді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!