С.Қайырбекова Маңғыстау облысында болды

Фотография - С.Қайырбекова Маңғыстау облысында болды

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Жаңаөзен және Ақтау қалаларында өңірдің медициналық қоғамдастығымен кездесулер өткізді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі

221 0

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Жаңаөзен және Ақтау қалаларында өңірдің медициналық қоғамдастығымен кездесулер өткізді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесуде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттары талқыланды.

Салидат Қайырбекова жүйелі іс-шаралар нәтижесінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізілгенін атап көрсетті: қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы артып, ағымдағы жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 70 жастан асады. 2013 жылғы 9 ай қорытындысында ана өлімі 24%, нәрестелер өлімі 18% төмендеді. БҰҰ сарапшылары бұл саладағы статистикалық мәліметтердің дұрыс жүргізілетінін растады.

Жаппай скринингтер өткізу және жоғары технологияларды енгізу нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,3% азайды.

Министр жиналғандар назарын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың маңыздылығына аударды. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан сапалы білім алуға жағдай жасалған. Халықаралық стандарттарға сай әзірленген білім беру стандарттары енгізілді. Профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуеті арттырылып, медициналық ЖОО жанынан қазіргі заманға сай құралдармен жарақтандырылған оқу-клиникалық орталықтар ашылды.

Тиісінше, мамандарға қойылатын талаптар күшейтілуде. Республикалық білім мен машықты бағалаудың тәуелсіз орталығы оқу орнын бітірген түлектер мен жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілік деңгейіне бағалау жүргізеді. Осы орайда Министр барлық медицина қызметкерлерін білімдері мен біліктіліктерін тұрақты негізде жетілдіріп отыруға шақырды.

Кездесуде Министр денсаулық сақтау саласында мамандардың жетіспеушілігін шешу мақсатында қандай жүйелі іс-шаралар атқарылып жатқанын жан-жақты әңгімелеп, жергілікті атқарушы органдарды мамандарды еңбекпен қамту және оларды тұрақтандыруға жағдай жасауға шақырды. Яғни, ауылдық аймақтар инфрақұрылымын дамыту, жас мамандарды әлеуметтік қолдау, баспанамен қамтамасыз ету сияқты шаралар атқарылуы керек.

Министр кездесу барысында медициналық қоғамдықты толғандыратын барлық сұрақтарға жауап беріп, сала алдында тұрған міндеттерді орындауға бағыттады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!