СҚО-да 5 миллион тоннадан астам астық жиналды

Фотография - СҚО-да 5 миллион тоннадан астам астық жиналды

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының диқандары ел қамбасына 5 миллион тоннадан астам астық құйды.

190 0

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының диқандары ел қамбасына 5 миллион тоннадан астам астық құйды. Бұл республикалық көрсеткіштің төрттен бірін құрайды. Егін орағының сәтті аяқталуына орай, Теріскейде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі тойланды.

Жалпы, облыс бойынша астықтың шығымдылығы гектарынан 14,6 центнерден айналды. Биыл ауа райы алабұртып, тосын мінез танытқанымен диқандар алтын дәнді ысырапсыз жинап алды.

Ризығын жерден терген сақа егіншілер де, еңбек майданына енді араласқан жас механизаторлар да бүгін облыстық драма театрында бас қосты. Өңір басшысы Самат Сапарбеков жиналған қауымды биылғы науқандағы толағай табыстарымен құттықтап, ауыл шаруашылғы саласын жаңғыртудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Табыстың тайқазанын қайнатқандардың еңбектері еленіп, облыс әкімінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарына ие болды.

Геннадий Зенченко Қазақстанның Еңбек Ері:

Биылғы жиын-терін қиын жағдайда жүргізілді. Бірақ, ауыл шаруашылығында жүргізілген қайта жарақтандыру өз нәтижесін берді. Ғылымның озық технологиясын енгізгендер биыл да биіктен көрінді. Өйткені, жерді алдай алмайсың.

Бел буып бұл салаға кіріскен екенсің, аянбай еңбек етуің керек. Қазір жерге егін сеуіп, астықты алып кететіндерге бұл мереке сабақ болуы тиіс. Өйткені, жеріне егін сепсең, ауылға да қарайласу қажет.

Серік Малаев «Ақселеу» ЖШС жетекшісі:

Ауыл шаруашылығында бір жыл бір жылға ұқсамайды. Былтыр құрғақшылық болса, биыл ылғал мол түсті. Соған қарамастан, жылдағыдай астық жинап алдық. Астық жинау техникасы 100 пайыз жаңартылған. Соның арқасында биыл күніне 2-3 сағатты пайдалана отырып, астықты жинап алдық.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!