Қорғаныс министрлігінің алғашқы интернет телевидениесі іске қосылды

Фотография - Қорғаныс министрлігінің алғашқы интернет телевидениесі іске қосылды

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан әскерінің оң беделін нығайтуға бағытталған жаңа жоба Korganyz.kz интернет-телевидениесін әзірлеп іске қосты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

236 0

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан әскерінің оң беделін нығайтуға бағытталған жаңа жоба Korganyz.kz интернет-телевидениесін әзірлеп іске қосты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Korganyz.kz порталына тек әскери мамандардың қызығушылығын оятып қана қоймай, кең аудиторияға арналған Қарулы Күштердің тыныс тіршілігі мен Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы бейнематериалдар, фоторепортаждар орналастырылған. Бейнеқызмет онлайн-таратылымдар мен бейнеконференциялар жүргізуге, сондай-ақ заманауи технологиялар мен коммуникациялардың әдістерін неғұрлым кеңірек қолдануға мүмкіндік береді.

Korganyz.kz әскери парадтарды, жауынгерлік оқу-жаттығуларды және өзге де ресми іс-шараларды оn-line режимінде таратуды ұйымдастыру үшін қолданылады. Оны пайдаланушылар әскери-патриоттық тақырыптағы бейне-фотомұрағаттарға оңай қол жеткізе алады. Сондай-ақ, қазақстандықтардың көзайымына айналған «Айрықша тапсырма» реалити-шоуын, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен жасалған өзге де арнайы жобаларды тарату жоспарланып отыр.

Әскери интерет-телевидениені іске қосу Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып отыр. Бұл мерекенің негізгі идеясы – қоғамды Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуының іргетасына айналған Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың маңына топтастыру екені белгілі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!