Елордада «Бір ел, Бір тағдыр, Бір Елбасы» мерекелік шарасы өтті

Фотография - Елордада «Бір ел, Бір тағдыр, Бір Елбасы» мерекелік шарасы өтті

Бүгін Астанадағы Сарыарқа велотрегінде 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясындағы басты іс-шаралардың бірі - «Бір ел, Бір тағдыр, Бір Елбасы» мерекелік концерті болды

148 0

Бүгін Астанадағы Сарыарқа велотрегінде 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясындағы басты іс-шаралардың бірі - «Бір ел, Бір тағдыр, Бір Елбасы» мерекелік концерті болды.

Іс-шара барысында елордалық оқушылар арасындағы «Қазақстан 2050 оқушылар көзімен» байқауының 7 жеңімпазы мен Гран-при иегерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Сонымен қатар, келушілердің назарына 300 адамның қатысуымен кіріспе қойылым ұсынылды. Көрермендер Оқушылар сарайының, «Ренессанс» балет мектебінің және өскемендік «Флэш» тобының 160 шәкіртінің қатысуымен «Бақыт» қойылымын тамашалады. Мұнымен қоса, мерекелік концертте классикалық және халық музыкасы ойналып, 40 жас скрипкашы және Оқушылар сарайынан 40 домбырашы өз өнерлерін ортаға салды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!