«Тұңғыш-Первый» атты деректі фильмдер апталығы аяқталды

Фотография - «Тұңғыш-Первый» атты деректі фильмдер апталығы аяқталды

Бүгін Назарбаев Орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш-Первый» атты деректі фильмдер апталығының жабылу салтанаты өтті

492 0


Бүгін Назарбаев Орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш-Первый» атты деректі фильмдер апталығының жабылу салтанаты өтті.

Кино апталығы барысында 12 киносеанс өтіп, Президенттің өмірі мен қызметін көрсетуге арналған 8 деректі фильм көрсетілді. Киноапталықтың әр күні тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңін және мемлекеттің дамуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан ерен еңбегін дерекпен дәйектеуге арналды.

4 мыңнан астам көрерменді қамтыған апталыққа көрермен ретінде келгендердің басым бөлігін Астананың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектеп оқушылары құрады. Олардың арасында озат оқуымен және үлгілі тәртібімен көзге көрініп жүрген білім алушыларға ұйымдастырушылар Елбасының қолтаңбасы қойылып, тілегі жазылған кітаптарды тарту етті - деп хабарлады  baq.kz

Апталық аясында Назарбаев орталығының көрме залында «Н.Назарбаев. Өмірбаян» атты интерактивті экспозиция ашылды. Көрмеде Елбасы – ҚР Президентінің қызметінің сан қырын көрсететін кітаптар, фотосуреттер, аудио-және бейнефильмдер, білім беру бағдарламасы арқылы 3D-панорама көрсетілді. Бұған қоса Н. Назарбаевтың өмірбаянынан викториналық сұрақтар қойылып, шығармашылық жастардың байқауы өткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!