Қазақстан мен Ресейді өзара тиімді стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қатынастары берік байланыстырады - Михаил Федоров

Фотография - Қазақстан мен Ресейді өзара тиімді стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қатынастары берік байланыстырады - Михаил Федоров

Халықаралық қоғамдастық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауда

169 0

Халықаралық қоғамдастық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауда.

"Қазақстан мен Ресейді өзара тиімді стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қатынастары берік байланыстырады, - делінген Урал мемлекеттік экономикалық университетінің (Екатеринбор, Ресей) ректоры Михаил Федоровтың құттықтауында. - Мұны Екатеринбор қаласында жақында ғана аяқталған Ресей мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының Х форумы тағы да дәлелдеді. Сіз бен Ресей Президенті Владимир Путин қол қойған "ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарт" біздің елдеріміздің ұзақ жылдарға арналған өзара іс-қимылының жолдарын айқындаған басты құжат болып табылады. Онда белгіленген перспективалар мен мақсаттарды іс жүзіне асыруға Ресей мен Қазақстанның жас азаматтары да құлшына кірісіп, Урал мемлекеттік экономикалық университетінің бастамасымен ұйымдастырылған "ХХІ ғасырдағы көшбасшылық пен инновациялар: келешекке көзқарас" атты Ресей-Қазақстан  жастары форумында ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады".

Бұдан әрі М.Федоров  "Сіздің бастамаңызбен құрылған Еуразиялық экономикалық клубының қамқоршылығымен Урал мемлекеттік экономикалық университетінде бес жылдан бері Еуразиялық жастар экономикалық форумы жұмыс істеуде, ол зияткер жастарды еуразиялық ықпалдастық мақсаттарына күш-жігерлерін біріктіруге жәрдемдесуде. Жастар форумының финалы жыл сайын Астана экономикалық форумының ауқымында Қазақстанның елордасында өтеді. ал ол Қазақстанда ғана емес,  бүкіл әлемдегі маңызды ірі оқиға болып табылады", деп  атап өтеді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

"Біздің елдеріміздің зияткер қауымы мен жастарының бірлескен күш-жігері ілгерішіл экономикалық идеялар мен жобаларды іздеу үшін әлемдік зияткерлік әлеуетті пайдалануға мүмкіндік береді", - делінген құттықтауда.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!