Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты бүгін 3 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

129 0

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты бүгін 3 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі, солтүстік облыстарда жел күшейіп, боран соғады»,-деп жазылған хабарламада.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 15-20 мс жылдамдықпен жел болып, боран соғады, Ақмола облысының кей жерінде көктайғақ болады. Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 мс жетеді, Қостанай обысында боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысында да 15-20 мс жылдамдықпен жел соғып, боран болады. Павлодар және Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15-20 мс жетеді, боран соғады. Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, мұнда да желдің екпіні 15-20 мс жетеді. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 мс болады. Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі деп болжанған. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!