Ә.Байменов жұмыс сапарымен Парижге барады

Фотография - Ә.Байменов жұмыс сапарымен Парижге барады

Бұл жөнiнде аптасайынғы дәстүрлi брифинг барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Абибуллаев мәлiмдедi.

133 0

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстері жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Байменов жұмыс сапарымен Парижге барады. Бұл жөнiнде аптасайынғы дәстүрлi брифинг барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Абибуллаев мәлiмдедi.

«5 желтоқсанға дейiн ҚР Мемлекеттiк қызмет iстер жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Байменов Парижде жұмыс сапарымен болады. Оның барысында француз әрiптестермен және академиялық топ өкiлдерімен екiжақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мәселелерi талқыланады», - дедi А.Абибуллаев.

Оның айтуынша, Францияда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы директоратымен де екiжақты кездесу өтедi.

«Сонымен қатар, 5-6 желтоқсанда Ә.Байменов бастаған делегация Анкарадағы Түркия мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi директоратымен де екiжақты кездесу өткiзедi», - деп толықтырды ресми өкіл.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!