Алматыда жалпыхалықтық құрылтай туралы айтылды

Фотография - Алматыда жалпыхалықтық құрылтай туралы айтылды

Бүгін Алматыда бір топ қоғам және оппозиция белсенділері «Қазақстан болашағы үшін!» жалпыхалықтық құрылтай ұйымдастыру туралы мәлімдеме жасады.

230 0

Бүгін Алматыда бір топ қоғам және оппозиция белсенділері «Қазақстан болашағы үшін!» жалпыхалықтық құрылтай ұйымдастыру туралы мәлімдеме жасады.

«Елде қалыптасқан авторитарлық жүйе Қазақстанды дамытуға деген өзінің барлық мүмкіндігін түгелімен тауысты, барлық саяси және әлеуметтік-экономикалық процесстерді тығырыққа тіреді» делінген мәлімдемеде.

Құрылтай шақыру жөніндегі бастамашыл топ мүшелері «Қазақстанның амандығы мен болашағы үшін жауапкершілікті мойына алуға қабілетті қоғамдық саяси күштерді біріктіруді мақсат еттік» дейді. Бастамашыл топ өкілі саясаткер Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, құрылтайды 2014 жылдың ақпан айының соңына шақыру жоспарланып отыр.

«Бұл құрылтай, өткен аптадағы «Ұлт патриоттарының құрылтайына» кереғар емес, екі құрылтайдың мақсат-міндеті бір. Біз тек сол құрылтайда айтылмаған мәселелерді толықтыруды көздеп отырмыз» деді Жармахан Тұяқбай.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!