2014 жылы қоғамдық көліктердің 60 пайыздан астамы экологиялық болады

Фотография - 2014 жылы қоғамдық көліктердің 60 пайыздан астамы экологиялық болады

Келесі жылы Алматыда қоғамдық көліктің 60 пайыздан астамы газға ауыстырылады. Бұл туралы І Алматы халықаралық инвестициялық форумында сөз сөйлеу барысында қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

321 0

Келесі жылы Алматыда қоғамдық көліктің 60 пайыздан астамы газға ауыстырылады. Бұл туралы І Алматы халықаралық инвестициялық форумында сөз сөйлеу барысында қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2014 жылы Алматыдағы экологиялық қоғамдық көліктің жалпы саны 60 пайыздан асады. «Метрополитеннің бірінші желісі іске қосылды. Алдымыздағы жылы тағы қосымша екі станса, 200 данадан артық троллейбус және трамвай парктері , табиға газда жұмыс істейтін 400 жаңа автобус пен экотакси енгізіледі»,-деді А.Есімов. Ол сондай-ақ келесі жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тағы 300 жаңа газбен жүретін автобустар түсетінін атап өтті.

Естеріңізге салып өтсек, І Алматы халықаралық инвестициялық форумы 3-4 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді. Форумға ҚР Үкіметінің өкілдері, халықаралық қаржы институттарының басшылары, белгілі экономистер мен бейінді ұйымдардың мамандары қатысады.

BNews.kz сайтынан


Тегтер:

экология

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!