Мәжіліс Төрағасы Көкшетау студенттерімен кездесті

Фотография - Мәжіліс Төрағасы Көкшетау студенттерімен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстаздарымен және студенттерімен кездесті

204 0

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстаздарымен және студенттерімен кездесті.

Жас белсенділермен жүздесу кезінде Спикер Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген мақсаттар мен тапсырмаларға сәйкес, мемлекетімізде болып жатқан басты өзгерістер, мәжілісмендердің заңнамалық жұмысы туралы, алдағы жоспарлар жайында әңгіме өрбітті.

Әсіресе, үш жылдық бюджетке байланысты заңнамалық құжаттарға, салық салу мәселелеріне, Астанада өтетін «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жағдайларына баса назар аударылды.

- Бүгінгі күні жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату, мемлекеттік қызметтер, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, Бюджет және Салық Кодекстеріне өзгерістер енгізуге қатысты заңдар қабылданды, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Одан әрі Мәжіліс Төрағасы қазіргі уақытта Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару Кодекстері, әкімшіліктік құқықбұзушылық туралы Кодекс, сондай-ақ, кәсіподақтар, меншіктік құқықты қорғауды күшейту, сот шешімдерін орындау жүйесін жетілдіру сынды маңызды заң жобаларының Палата қарауына енгізілгенін айтты.

Нұрлан Нығматулин депутаттардың заңнамалық бастамаларын да назардан тыс қалдырмады. Атап айтсақ, аз уақыт бұрын Мәжілістің кезекті жалпы отырысында тікелей депутаттық топ әзірлеген агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне қатысты заң жобасы мақұлданды.

Сондай-ақ, әлеуметтік бағыттағы заң жобаларын дайындауға баса көңіл бөлінеді. Олардың қатарында денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоманттандыруды атап айтуға болады - деп хабарлады  baq.kz

Жалпы алғанда, Мәжілістің 5-шақырылымы жұмысын бастаған 2012 жылдың қаңтар айынан бері, 163 заң жобасы мақұлданып, оның 151-не Президенттің қолы қойылып, өз күшіне енген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!