Бурабайдың болашағы талқыланды

Фотография - Бурабайдың болашағы талқыланды

 Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласында Щучинск-Бурабай курорттық аймағының басым бағыттарын анықтау жөнінде көшпелі кеңес отырысы өтті

194 0

 Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласында Щучинск-Бурабай курорттық аймағының басым бағыттарын анықтау жөнінде көшпелі кеңес отырысы өтті. 

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша болған жиынға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Ақмола облысы әкімдігі, курорттық аймақта орналасқан қонақ үй кешендері мен шипажайлардың өкілдері қатысты. Оның барысында Қазақстандық индустрияны дамыту институты әзірлеген Бурабай курорттық аймағын дамытудың жүйелі жоспарымен таныстырды.

Сондай-ақ, меморгандарының өкілдері Щучинск қаласы мен Бурабай кентінің инженерлік инфрақұрылым нысандарымен, автомобиль жолдарының жөнделуі мен салыну және су қоймаларын тазалау жұмыстарымен танысты - деп хабарлады  baq.kz

«Бүгінгі көшпелі кеңесте алынған ұсыныстар Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған жоспарын қалыптастыруда ескерілетін болады», - деді жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!