Қазақстандықтар Жаңа жылда 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін демалады

Фотография - Қазақстандықтар Жаңа жылда 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін демалады

 ҚР Үкіметінің қаулысымен демалыс күндерін жаңа жылдық мерекелерге ауыстыру жүзеге асырылды, сөйтіп қазақстандықтар Жаңа жылда 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін демалады

198 0

 ҚР Үкіметінің қаулысымен демалыс күндерін жаңа жылдық мерекелерге ауыстыру жүзеге асырылды, сөйтіп қазақстандықтар Жаңа жылда 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін демалады - деп хабарлады   newskaz.kz

"Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2013 жылғы желтоқсан мен 2014 жылғы қаңтардағы жұмыс күнін ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2013 жылғы 28 желтоқсан сенбіден 2014 жылғы 3 қаңтар жұмаға ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды".

Қаулыға сәйкес қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 3 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!