Асхат Дауылбаев АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдермен кездесу өткізді

Фотография - Асхат Дауылбаев АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдермен кездесу өткізді

деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

290 0

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Америка Құрама Штаттарына сапары барысында АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымы, оның ішінде келісім-шарт базасын кеңейтіп, нығайту және қылмыстық-құқық саласындағы құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар өзара іс-қимыл жасасудың қол жеткізілген деңгейіне қанағаттанғандықтарын білдірді», - делінген хабарламада.

А.Дауылбаев Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстық істерді тергеу ісіне көмек көрсете отырып, америкалық құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп отырғандығын атап көрсетті. Сонымен қатар Федералдық тергеу бюросы мен Есірткілермен күрес жөніндегі федералдық агенттіктің тараптарынан Қазақстанның құқық қорғау органдарына көрсетіліп жатқан көмек үшін алғыс білдірілді.

Бас прокурорлар ұйымдасқан және трансұлттық қылмыстармен, терроризммен және экстремизммен, киберқылмыстармен, есірткінің заңсыз айналымымен және қылмыстық жолмен табылған пайданың заңдастырылуымен күрес сияқты салалар бойынша сындарлы байланысты орнату мен дамытуға, тәжірибе және мамандар алмасуға екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының өзара қызығушылығы зор екендігін айтты.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ Бас прокурорлары өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум бекіту мәселесін пысықтау туралы келісімге келді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!