Семейде ұнтақталған толтырмалар өндірісі іске қосылады

Фотография - Семейде ұнтақталған толтырмалар өндірісі іске қосылады

Семейдегі «Alina Pro» ЖШС 2013 жылы облыстың Индустрияландыру картасына ұнтақталған толтырмалар өндірісін жандандыру жобасын енгізді. Жобаға қажет 203 млн. теңгенің 80 пайызын өз қалталарынан шығарып отырған кәсіпорын басшылығы жылына 36 мың тонна өнім беретін өндіріске 33 адам жұмысқа тартылатынын айтады

188 0

Семейдегі «Alina Pro» ЖШС 2013 жылы облыстың Индустрияландыру картасына ұнтақталған толтырмалар өндірісін жандандыру жобасын енгізді. Жобаға қажет 203 млн. теңгенің 80 пайызын өз қалталарынан шығарып отырған кәсіпорын басшылығы жылына 36 мың тонна өнім беретін өндіріске 33 адам жұмысқа тартылатынын айтады.

Кәсіпорын өндіретін түрлі плиталарға арналған желімдер, цемент сылақтар, желімді бояу, гипс, жуылатын бояу езбелері, Alinex тегістегіштері сынды әркез сұранысқа ие материалдар Қазақстан нарығында Alina Paint, Econom, Alina Paint Fronta атауларымен танымал. Семейде ұнтақталған толтырмалар өндірісі іске қосылады Тасты үгітіп, ұнтақтау арқылы түрлі сұйықтықтар мен құрғақ құрылыс материалдарын өңдеуші қондырғылар Қытайдан алыныпты. Алғашқы өнімдері сынақтан өткен. Енді кәсіпорын басшылары жобаны іске қосу актісін күтіп отыр - деп хабарлады  baq.kz

Серіктестіктің тағы бір өндіріс кешені қала ішінде орналасқан екен. Қала әкімі Айбек Кәрімов ол ауданға жаңа тұрғын үй кешені салынатынын ескертіп, өндіріс кешенін қала сыртына көшіру жөнінде өтініш білдіргенін айтады. Серіктестік директоры Борис Могучев бұл мәселеге қатысты сұраулардың барлығына оңды жауап берілгенін айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!