Байқоңырдан кезекті «Протон-М» ғарышқа ұшты

Фотография - Байқоңырдан кезекті «Протон-М» ғарышқа ұшты

Бүгін Астана уақыты бойынша 18 сағат 12 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды

150 0


Бүгін Астана уақыты бойынша 18 сағат 12 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды.

Кезекті «Протон-М» ғарышқа «Инмарсат-5Ф1» коммуникациялық аппаратын алып ұшқан.

Бұл биыл жазда Байқоңырдағы зымыран апатынан бері ғарышқа ұшырылған төртінші «Протон-М» болып отыр.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бергенде ресейлік «Протон-М» апатқа ұшыраған соң мұндай зымыран тасығыштарын Байқоңырдан ұшыру біраз уақытқа тоқтаған еді. Бірақ 30 қыркүйектен бастап Ресей жағы Байқоңырдан ғарышқа «Протон-М» ұшыруды қайта жалғастырды - деп хабарлады  azattyq.org

Шілдеде болған апат салдарынан «Протон-М» зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!