Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, жел күшейіп бұрқасынға айналады, көктайғақ болып, тұман түседі

141 0

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, жел күшейіп бұрқасынға айналады, көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республиканың солтүстігі, оңтүстік шығыс және шығысында қар жаумайды.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл маңында жел күшейіп 15-20 м-с, күндіз тіпті 25 м/с-ге дейін ұйытқып соғады. Қостанай облысының кей аудандарында жаяу борасын соғады, жер тайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Атырау облысында тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетуі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел күшейіп 15-20 м/с-ге жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін, күндіз желдің қарқыны 15-20 м/с-ге жетеді. Ақтөбе облысында жел күшейіп 15-20 м/с-ге жетеді, боран соғады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында жел күшейіп 5-20 м/с-ге жетеді, түнде тұман түседі. Ақмола, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында жел күшейіп 15-20 м/с-ге жетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!