Білім министрі Мәжілісте баяндама жасады

Фотография - Білім министрі Мәжілісте баяндама жасады

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым жүйесінің жағдайы мен басым бағыттары» тақырыбында депутаттар алдында алғаш рет баяндама жасады

227 0

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым жүйесінің жағдайы мен басым бағыттары» тақырыбында депутаттар алдында алғаш рет баяндама жасады.

Министр өзі жетекшілік ететін ведомствода атқарылып жатқан шаруалар жайында халық қалаулыларының алдында баяндап, олардың қойған бірқатар сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, республика аумағында жүзеге асып жатқан мектепке дейінгі білім саласы мен қазіргі таңда білім ошақтарындағы білім беру жүйесі, техникалық және кәсіптік білім беру, түлектердің біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесін қолданысқа енгізу жайы мен жастар саясаты саласындағы жұмыспен қамту туралы кеңінен сөз етіп, депутаттарды жақынырақ таныстырды.

Қалай дегенде де, таңғы жұмыс уақытынан бастау алған отырыс барысында елде іске асырылып жатқан кәсіптік техникалық білім беру жайы мен бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесіне сөз алған депутаттардың басым бөлігі оқтын-оқтын қайта оралып отырды. Яғни, бүгінгі қоғамдағы күйіп тұрған тақырып аясында сала жетекшісі мен халық қалаулылары еркін пікір алмасып, мәселе түйінін тарқатудың тың тәсілдері турасында ой өрбітті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!