EXPO-2017 нысандарын салатын компаниялар тізімін ҚР Үкіметі бекітеді

Фотография - EXPO-2017 нысандарын салатын компаниялар тізімін ҚР Үкіметі бекітеді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ заңгерлік департаментінің директоры Майя Егімбаева EXPO-2017 көрмесінің нысандарын жобалау және құрылысын жүзеге асыратын компаниялардың тізімі Үкіметтің бөлек шешімімен анықталатынын жеткізді

126 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ заңгерлік департаментінің директоры Майя Егімбаева EXPO-2017 көрмесінің нысандарын жобалау және құрылысын жүзеге асыратын компаниялардың тізімі Үкіметтің бөлек шешімімен анықталатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда EXPO-2017 халықаралық көрмесі туралы Заң қабылданды. Заңнаманың мақсаты - аталған көрмені өткізуге үміткер елдер арасындағы конкурс аясында Қазақстанның өзіне алған міндеттемелерін орындау болып табылады.

М. Егімбаеваның айтуынша, заңға сәйкес, аталған компаниялар корпоративті және табыс салығынан босатылатын болады.

Айта кетейік, әлемдік ауқымдағы жаңа энергия сақтау технологияларын пайдалану элементтерін қолданып, EXPO көрмесі аясында нысандарды салу мен жобалау тәжірибесі бар шетел мамандарын жұмысқа тарту тәртібін жеңілдету жоспарланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!