Тәуелсіздік күні мерекесінде 30 градус аяз болады

Фотография - Тәуелсіздік күні мерекесінде 30 градус аяз болады

Қазақстанда Тәуелсіздік күні мерекесінде күн аяз болады. Синоптиктердің болжауынша, елдің оңтүстігінде түнде -18, ал солтүстігінде -30 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жаумайды

134 0

Қазақстанда Тәуелсіздік күні мерекесінде күн аяз болады. Синоптиктердің болжауынша, елдің оңтүстігінде түнде -18, ал солтүстігінде -30 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жаумайды.

Апта ішінде барлық облыстарды тұман басып, екпінді жел соғады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман басады, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз 25 метрге дейін жетеді. Қостанай және атырау облыстарында күн боранды, тұман басып, көк тайғақ болады, таңертең және күндіз жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында тұман басып, күндіз жел секундына 20 метр жылдамдықпен соғады - деп хабарлады  baq.kz

Бүгін Астанада күн ашық. Ауа температурасы 0 градусқа дейін көтеріледі, түнде -8-9 градус суық. Алматыда күн бұлтты, қар жаумайды. Күндіз +6+7 градус жылы, түнде -9 градусқа дейін суытады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!