Алматы жастары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

Фотография - Алматы жастары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

Алматы қаласы әкімдігі, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен демалыс күндері, Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналған арнайы акция өтті

247 0

Алматы қаласы әкімдігі, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен демалыс күндері, Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналған арнайы акция өтті.

Еріктілер мен студент жастардың ең белсенділері мемлекеттік әнұранды орындау үшін алаңға жиналды. Акцияға мыңға тарта жас қатысты. Мемлекеттік әнұранды орындау үшін ешқандай музыкалық демеу қолданылмады. Әнұранды Инабат атты 10 жастағы бүлдіршін қыз бастады. Инабат сол күні 10 жасқа толған, ол алғашқы шумағын орындады. Алаңнын тыныштығын жүздеген жарқын-жарқын дауыстар бұзды. Ұйымдасқан жас буын өкілдері Әнұранды толығымен орындап шықты - деп хабарлады  baq.kz

Тәуелсіздік – ұлы игілік. Ол көктен түсе салған жоқ, мыңдаған адамның қаны мен маңдай терінің арқасында келген дүние. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде өскен жас ұрпақ, ғасырлар бойы жасалған ерлікті жадында ұстауы біз үшін маңызды. Олар кез келген уақытта «Біз Қазақстандықпыз, біз тәуелсіз елдің азаматымыз» - деп, еңселерін көтеріп сөйлей алатын болуы керек. 16 желтоқсан – тәуелсіздік мерекесі ғана емес, тәуелсіздікке қарышты қадам жасаған батыр азаматтарымызды еске алу күні. Бұл күнді ешқашанда ұмытпауымыз керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!