Шекарада 1,5 мың көлік қаңтарылған жоқ...

Фотография - Шекарада 1,5 мың көлік қаңтарылған жоқ...

Бүгін Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов пен Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ренат Смағұловтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты барысында Төраға орынбасары осылай деп мәлімдеді

222 0

Бүгін Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов пен Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ренат Смағұловтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты барысында Төраға орынбасары осылай деп мәлімдеді - деп хабарлады  baq.kz

- Жақында ғана елдегі ақпарат құралдарында «қазақ-қытай шекара бекетінде тексерістің тым баяу жүргізілуіне байланысты ұзын-сонар кептеліс пайда болып, 1,5 мыңға жуық көлік қаңтарылып тұрып қалды» деген ақпарат жарияланған болатын. Осы мәселеге қатысты қандай түсініктеме бересіз деген БАҚ өкілдерінің сауалына Аманияз Қасымұлы былай деп жауап берді.

- Бізде қандай да бір шаралар қолға алынған кезде осындай жағдайлар орын алатынын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, сіздер айтқандай тым асыра сілтеп көрсетілген көлемде емес. Қызметкерлеріміз «Бекет» жедел-профилактикалық іс-шаралар легін жүргізе бастаған сәтте, 200-ге тарта көлік аздап кідіргені рас. Алайда, бұл 1,5 мыңдай көлік деген сан мүлдем шындыққа жанаспайды. Ал қаңтарылған 200 көліктің өзін біз 2 тәулік ішінде шұғыл шараларды қолға алу арқылы жедел таратқан болатынбыз. Бәлкім, түймедейді түйедей етіп, шу көтеру базбіреулер үшін қажет те шығар. Десек те, айтылуы тиіс ақиқат әңгіме осы, - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!