Әділбек Жақсыбеков Дмитрий Рогозинмен кездесті

Фотография - Әділбек Жақсыбеков Дмитрий Рогозинмен кездесті

ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады

189 0

ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында әскери-экономикалық және әскери-техникалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Ресейдің осы салалардағы ынтымақтастығы күн өткен сайын екі жаққа да тиімді бағытта дамып келеді.

«Біз кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеп жатқан бірлескен кәсіпорындарды дамыту жөнінде нақты жоспарларды және алдағы уақытта жаңа бірлескен жобаларды құруды келістік. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей ӘҚҚ Бірегей өңірлік жүйесін құру туралы келісімді іске асыру, соның ішінде құрылатын жүйені техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық», - дейді мамандар.

Тараптар әскери қару-жарақ айналымының артқанын жеткізді. Мысалы, 2013 жылы әскери техника соңғы 10 жылдағы көрсеткіштен асып түскен.

Жалпы, келіссөздерден байқағанымыздай, екі мемлекеттің қорғаныс саласындағы байланыс едәуір артқан.

Дмитрий Рогозин Ресей үкіметінде қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне, мемлекеттік қорғанысты қамтамасыз етуге жауап береді. ҰҚКҰ аясында атом және ғарыш саласын, әскери-техникалық саясатты іске асыруды, экспортты бақылауды үйлестіреді. РФ Үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіп комиссиясын басқарады.

Бүгін Әділбек Жақсыбеков Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. Олар электрондық-оптикалық құралдар шығаратын зауыттың ашылуына қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!