Қайрат Мәми Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысымен кездесті

Фотография - Қайрат Мәми Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысымен кездесті

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Заруднаны қабылдады, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі

162 0

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Заруднаны қабылдады, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Жоғарғы сот пен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, шетелдік сарапшылар мен жұртшылық өкілдерін тарта отырып, жаңа кодекстер мен кейбір заңдардың жобалары бойынша бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленді.

Сонымен бірге, қазақстандық судьялар мен сот органдары қызметкерлерінің ЕҚЫҰ орталығы ұйымдастыратын треннингтер мен семинарларға одан әрі қатысуы жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!