Толыбаев вице-министр қызметінен өз еркімен кетті

Фотография - Толыбаев вице-министр қызметінен өз еркімен кетті

Марат Толыбаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымынан өз еркімен кетті

335 0

Марат Толыбаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымынан өз еркімен кетті. Бұл туралы Толыбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.

«Құрметті достар! 10 желтоқсаннан бастап мен Ауыл шаруашылығы министрі емеспін. Алайда, мен баяғыша Марат Торлыбаевпын», - деп жазған экс-басшы. Қызметтен неге кеткендігі туралы сұрағандарға жай ғана «қызметімді ауыстырғанды жөн деп санадым» - деп жауап берген.

Естеріңізде болса, 2013 жылдың 5 қарашасында Толыбаев бюджет қаржысын игере алмағандықтан, премьер-министрден қатаң ескерту алған болатын. 46 жастағы Толыбаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына 2011 жылдың маусым айында тағайындалған. Оның алдында «Тобыл» әлеуметік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК акционерлік қоғамының төрағасы болған - деп хабарлады  baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!